Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.
LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 14 тамыз сағат 22:00-ден 15 тамыз сағат 06:00-ге дейін Мұқанов көшесінен Қожамқұлов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.
