ЛГБТ белсенділері АЭС құрылысына қарсы шықты

Көркем Алдабергенова 12 қыр. 2024 17:18 3508

ЛГБТ белсенділері АЭС құрылысына қарсы шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда белсенді феминистер Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаева лекция өткізіп, атом электр станциясын салуға не үшін қарсы екендерін түсіндірді.

Олар лекция барысында атом электр станциясы еліміздің экологиясына орасан зор зиян келтіріп қана қоймай, Қазақстанды Ресейге тәуелді етіп қоятынын атап өтті. Олар АЭС-ті "ақылға қонымсыз" деп сипаттап, бұл бастамаға қарсы екендерін жеткізген. 

"Үлкен бір мемлекет бар. Мемлекетте ақша бөлінеді. Біз таңнан кешке дейін жұмысқа барамыз. 8 сағат жұмыс істеп, қалтамыздан салық төлейміз. Сосын ол салықты алып,"қару" салады. Сандырақ нәрсе ғой. Біз не үшін салық төлеп жүрміз сонда?", - дейді Гүлзада Сержан. 

Еске салайық, 1 тамызда Астанада ЛГБТ насихатына қарсы петиция бойынша соңғы отырыс өткен болатын. Феминита ұйымы петицияға қарсы шыққан еді. 

«Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау өтті. Отырысқа Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Әділет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде мемлекеттік органдардың, өтініш берушілердің, сарапшылардың және басқа да мүдделі тараптардың ұстанымдары айтылған жұмыс тобының алдыңғы екі отырыс нәтижесі талқыланды.

Қатысушылар петицияны қарау барысында ұлттық және халықаралық нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіп, жетекші сарапшылармен консультациялар өткізгенін, Қазақстан халқынан алынған әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері сараланғанын атап өткен еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар