Латын әліпбиіне қатысты ашық сабақтар өтті

Dalanews 23 қаз. 2017 10:37 777

Оңтүстік Қазақстан облысының мектептерінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевқа Елордамызда таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісін таныстыруға бағыттылған ашық сабақтар өтті.



Басты мақсаты мектеп оқушыларына, ата-аналарға латын әліпбиінің игерудің оңтайлы жолдарын көрсету.

Ашық сабақтарда педагогтер мен танымал филологтар, оқушылар, ата-аналар қатысты.

– Жаңадан ұсынылған латын әліпбиінің апострофтарда берілгені диграфтардан қарағанда жеңіл есте қалатындығы және оқу барысында оңайлығымен бөлісті. Мұның барлығы жалпыхалықтық талқылаудың толымды нәтижесі, – дейді Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның мұғалімі Марфуға Әбутәліпқызы.

Жиында ең алғаш болып сөз алған «Ақиқат» пікір-сайыс клубының төрағасы Жұман Жансерік Елбасының алдында таныстырылған үлгінің тиімділігі және ыңғайлығына тоқталды.

Еліміздің қайта түлеуіне бағытталған көлемді мақалада айтылған бастамаларды алдағы уақытта жұмыла жүзеге асыруға бел байлаған кітапханашылар, семинардан жігерленген күйде тарқасты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар