Ким Чен Намды кім өлтірді?

Dalanews 21 ақп. 2017 19:04 850



Куала-Лумпурде КХДР лидері Ким Чен Ынның үлкен ағасы Ким Чен Намның өлімінен кейін Малайзия мен Солтүстік Корея арасында дипломатиялық жанжал өршіп барады.





Малайзия 20 ақпанда Пхеньяннан өзінің елшісін шақырып алды әрі Солтүстік Корея елшісінен Малайзияны істі тергеуге қатысты "сыртқы күштермен" байланысы бар деген айыптауын түсіндіруді талап етті.

Малайзия сонымен бірге 13 ақпанда Ким Чен Намға шабуылдағаннан кейін Куала-Лумпур әуежайындағы қауіпсіздік камерасындағы кадрлардың ашықтығын айтты. Онда екі әйел Ким Чен Намның бетін у жаққан шүберекпен бүркеген. Бірнеше сағаттан кейін Ким Чен Нам көз жұмады. Бұл істі тергеу барысында полиция төрт адамды ұстаған. Басқа да күдіктілерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оңтүстік Корея мен АҚШ Ким Чен Намды солтүстіккореялық қауіпсіздік қызметкерлері өлтірді деп болжайды. Малайзия тексермейінше, Ким Чен Намның денесін беруден бас тартып отыр. Зерттеудің алдын ала нәтижесі 22 ақпанда белгілі болады. Малайзия СІМ марқұмның денесі жақын туыстарына берілетінін хабарлады.

Солтүстіккореялық БАҚ оқиға жөнінде тіс жармады. Ким Чен Нам Солтүстік Кореяның бұрынғы лидері Ким Чен Ирдің үлкен ұлы. Ол көптеген жылдар бойы қуғында өмір сүрді. Негізінен Макаода тұрды.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар