Курчатовтық кәсіпкер: «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына алғысымды айтамын»

Dalanews 13 қаң. 2021 05:39 946

2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының арқасында Курчатов қаласының 3 кәсіпкері өз бизнес-жобаларын іске асыру үшін несие алған болатын. Осы кәсіпкерлердің бірі – қарапайым жас қыз Зульфия Зиминова. Ол 8 млн теңге сомасында тұрғын үйді жалға беру қызметін кеңейту үшін кредит алуға шешім қабылдады.

– Менің өмірімде екі  қызығушылығым  бар – ол менің бизнесім және баскетбол. Бизнес те баскетбол сияқты, онда лақтырудың дұрыс сәтін таба білу және командада ойнау маңызды. Студент кезімнен бастап өз өмірімді бизнеспен байланыстыратыныма сенді болдым. Мен өзімді бизнес саласында  іске асыра отырып, ерекше мәселелерді шешуге үйреніп қана қоймай, қосымша табыс табуға мүмкіндік алдым.

Тұрғын үйді жалға беру – бұл менің бизнестегі алғашқы әрекетім емес, басқалары да болды, бірақ осы ісім менің  жаныма жақын. Кез келген кәсіпкер сынды, мен алға  ұмтыламын. Осы шағын бизнесімді кеңейту мүмкіндігі пайда болған кезде, ойланбастам несие алдым. Екі пәтер сатып алып, онда  жөндеу жұмыстарын жүргіздім. Осылай өз жұмысымды әрі қарай дамытуда маған қолдау берген  «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына алғысымды айтамын. Мен  өзімнің осындай шағын бизнесіммен мақтанамын, – деп түйіндеді Зульфия.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар