Курчатовтың мектептері замануи құрал-жабдықтармен жабдықталуда

Dalanews 23 қаз. 2023 10:00 524

Бүгінде Курчатов қаласында 4 жалпы білім беретін мектеп бар. Оқу орындарында жыл сайын білім беру жағдайын жақсарту және жаңа технологияларымен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы мектептердің бәрі заманауи үлгідегі оқу кабинеті, кітапхана, спорт залымен жабдықталған.

Биыл екі ағылшын тілі кабинеті жабдықталып, физика кабинетіне қажетті жабдықтарды сатып алу үшін конкурстық рәсім жүргізілуде.

Ал химия, биология және информатика кабинеттерінің керек-жарақтарын алу үшін тиісті келісімшарт жасалған.


Сондай-ақ, мектептерде география, бастауыш сынып, технология, АӘД, қазақ тілі пәніне арналған мамандандырылған кабинет, 5 интерактивті панель және музыкалық аппаратура сатып алынды.

Материалдық-техникалық база қосымша білім беру қызметін, оқу-шығармашылық іс-шараларын ұйымдастыруға, мәдени шараларды өткізуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Бұл әрбір оқушының әлеуетін ашып, заманауи білім алуға деген мүмкіндік береді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар