Күмәнді сөмке: ҚазҰУ студенттері шұғыл эвакуацияланды

Күмәнді сөмке: ҚазҰУ студенттері шұғыл эвакуацияланды
ашық дереккөз

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері мен оқытушылары университет ғимаратынан шұғыл шығарылды. Әлеуметтік желіде ғимаратқа бомба қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, дабылға қараусыз қалған сөмке себеп болған. Оқиға орнына шұғыл қызметтер шақырылып, қауіпсіздік үшін ғимараттағы адамдар эвакуацияланды.

Тексеріс кезінде сөмкенің студенттердің біріне тиесілі екені анықталды. Ішінен оқу құралдары табылған. Жарылғыш заттар анықталған жоқ. Полиция ешқандай қауіп болмағанын хабарлады.