Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Агенттік мәліметінше, Алматы облысы Іле ауданындағы "Казпошта" АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған, салмағы 777,4 грамм болатын есірткі өнімі - каннабис экстракты (гашиш майы) салынған пошта жөнелтілімі түскен.
"Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған адам болып шықты.
Оның тұрғылықты жерін тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.
Агенттік ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпаратты жария етпеді.