Коронавирустың шарықтау шегінен өттік – Цой

Dalanews 03 там. 2020 15:02 817

ОКҚ-дегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ол 3 тамыздағы жағдайға сай, елде коронавирус жұқтырудың 92 662 жағдайы тіркелгенін еске салды. Оның 67,5% немесе 62 511 адам емделіп шықты.

- Тек соңғы тәулікте ғана 672 адам вирустан емделіп шықты, мұндай оң көрсеткіш ақырындап болса да, өсіп келеді, - деді ол.


Ең жақсы көрсеткіштер БҚО, Алматы, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен астанада байқалуда.

- Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы тұрақталды, деп нық сеніммен айта аламыз. Өздеріңіз де мұны байқаған шығарсыздар. Шарықтау шегі артта қалды, ендігі мақсатымыз барша халқымыз бен денсаулық сақтау жүйесіне ауыр сынақ болып тиген осы жетістікті сақтап қалу, - деді министр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар