Шымкентте COVID-19 диагнозы қойылған алғашқы жағдай туралы кеше хабарланған болатын. Оның 24 жастағы жігіт екені белгілі болды, ол 20 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен келген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Науқастың жағдайы - орташа ауыр, тыныс алуы қиындаған. Ол Шымкенттегі инфекциялық ауруханасында жатыр.
Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы расталды.
2020 жылдың 25 наурызында сағат 09: 40-та Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның тағы бес, Алматыда екі жағдайы тіркелді.
Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы расталды, оның ішінде:
Нұр Сұлтанда - 41,
Алматыда - 31,
Қарағандыда - 2,
Алматы облысында - 1,
Ақтөбе облысы - 1,
Шымкент қаласында - 1,
Жамбыл облысында - 1,
Солтүстік Қазақстан облысында - 1 жағдай.