Коронавирус. Жаркентте Қытайдан келген 20 азамат ауруханаға жатқызылды

Dalanews 30 қаң. 2020 04:47 688

Қытаймен арадағы шекарадан өткен 20 Қазақстан азаматы ауруханаға жатқызылды, –  деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақстандық 20 азамат Гуанчжоу мен Құлжа қалаларында болып қайтқан. Олар Панфилов ауданында орналасқан «Нұр жолы» пунктінен шекарадан өтіпті.

Тепловизормен тексергенде екі азаматтың дене қызуы көтеріліп тұрғаны анықталған.

– Олар дереу басқа азаматтардан оқшауланып, Панфилов ауданы ауруханасының инфекциялық бөлімінің арнайы боксына жатықызылған. Қазір дәрігерлер сараптамалық жұмыстар жүргізуде. Бұған қоса автобуста болған тағы 19 адам бақылауға алынып, олар дагоспитальға жатқызылды, – делінген ресми хабарламада. 


Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Қытаймен шекараны жаба алмайтындығы туралы мәлімдеген еді. Сөзінше, Қытайда 1300 қазақстандық азамат жүр екен.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар