Енді ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу қажет болған жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернетке, ұялы байланысқа және жекелеген интернет-ресурстарға қолжетімділікті уақытша шектей алады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Конституциялық сот мұндай шаралар азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзбайтынын мәлімдеді. Соттың түсіндіруінше, шектеулер уақытша сипатқа ие және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар Конституциялық сот қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, интернет пен байланыс құралдарына қойылатын шектеулердің қандай жағдайларда және қанша мерзімге енгізілетіні нақтырақ айқындалуы тиіс. Бұл қауіпсіздік мәселелері мен азаматтардың құқықтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.