Көлсай көлдері ұлттық паркінде сирек кездесетін жануар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Қайың сайының аумағында жүргізілген бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік инспекторлар Тұрсынжанов Сұлтан мен Ыбышов Бақтыбай Қайыңдының күнгей бетінен Түркістан сілеусінін бейнежазбаға түсіріп алған.
Түркістан сілеусіні – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, аса сақ әрі сирек кездесетін жыртқыш аң. Ол көбіне адам көзіне сирек шалынып, табиғи ортаның тазалығы мен экожүйенің тұрақтылығын білдіретін маңызды көрсеткіш саналады.
