Көліктерді заңсыз тіркеген 30 ХҚКО-ның қызметкері жемқорлық ісі бойынша жауапқа тартылуда

Dalanews 16 мам. 2023 03:59 789

Антикор еліміздегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынының (ХҚКО) 30 қызметкері сыбайлас жемқорлық ісімен шатылып, сотталып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Қылмыстық топ 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңда белгіленген алымдар мен алымдарды төлемей заңсыз тіркеген. Осылайша олар мемлекетке аса ірі көлемде 1,4 млрд теңге залал келтірген.

Бүгінде 30 адам қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Олардың арасында Астанадағы №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, төрт полиция қызметкері мен көліктерді заңсыз тіркеуде өз қызметтерін ұсынған делдалдар бар, – делінген Антикор таратқан  хабарда.

Антикор «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша мамандандырылған департаментінің ұйымдасқан тобына және азаматтық тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталып қойғанын алға тартты.


«Заңсызыдыққа барғандар «Веб-модуль» СК және «ХҚКО ИАЖ» ақпараттық жүйелеріне көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған» делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды автокөліктерді тіркеу кезінде делдалдардың қызметін пайдаланбауға шақырады.

https://dalanews.kz/kogam/89399-ermek-qozhamsugirov-atom-yenergetikas

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар