Көлікке қысылып қалған: Астана маңында ірі жол апаты болды

Сағыныш Сардарова 15 жел. 2025 12:46

Астана маңында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ТЖМ қызметкерлері жол апаты кезінде адамды құтқарды. 14 желтоқсанда Астана-Көкшетау тасжолының 20- шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысқан.

"Оқиға салдарынан көлікке қысылып қалған ер адам мен әйел зардап шекті. Оқиға орнына құтқарушылар жедел келді, олар гидравликалық құралдың көмегімен зақымданған есікті ашып, жәбірленушіні алып шықты", - деп жазылған хабарламада.

Әйел де, ер адам да жедел жәрдем бригадасына табысталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар