Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Асанәлі Әскербеков қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Zakon.kz таратқан мәлімет бойынша, Ақмола облыстық полиция департаменті патрульдік полиция инспекторының қызмет бабында қаза болуына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.
«Қайғылы оқиға биылғы жылдың 7 желтоқсанында Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. Алдын ала деректер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді сақтыққа шақырып, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен».
Департамент өкілдері бұл факті бойынша «жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізілетінін» мәлімдеді.
