Көлік жүргізушілерге құлаққағыс: қысқы дөңгелекке қашанға дейін ауысу керек?

Сағыныш Сардарова 01 қар. 2024 09:40 53632

Көлік жүргізушілері қашанға дейін жазғы дөңгелектерін ауыстыруы керек екені белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Автокөліктер қысқы дөңгелекке ауыспаса, көлік иелері айыппұл төлейді.

Заң бойынша 1 желтоқсанға дейін қысқы маусымға дайындықты бастау қажет.

"30 қараша - еліміздегі барлық автокөліктің дөңгелек ауыстыратын соңғы күні. Олай болмаса айыппұл салынады. Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері - 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады", - деп жазылған мәліметте.

"Алдағы күндері ауа райы нашарлап, жаңбыр мен қар жаууы, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Осыған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында көлік жүргізушілері мен автокөлік иелеріне дөңгелектерін қысқы кезеңге ауыстыруды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз", – деді бұған дейін полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Бұл ретте қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелегіне ауыстырылуға тиіс.

1 желтоқсаннан кейін осы талаптарды орындамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес көлік иелеріне 5 АЕК  (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Полиция департаменті жол қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлуді сұрайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар