Көлігіңізге қандай шина салып жүрсіз? Шеттен әкелінгендерге тексеріс күшейді

Сағыныш Сардарова 29 шіл. 2025 10:30

Елге арнайы рұқсат болған жағдайда ғана қолданылған көлік шиналарын (ТН СЭҚ коды 4012) әкелуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

 Бас көлік прокуратурасы бұл тыйымды айналып өтіп, қолданылған шиналарды дөңгелек дискілерімен бірге әкелетіндерді анықтаған.

"Биыл сәуір-маусым айларында бір өңірде салмағы 1,5 мың тоннаға жуық қолданылған шиналарды заңсыз әкелудің 159 дерегі тіркелді. Тағы бір өңірде былтыр 200 тоннадан аса осындай өнім әкелінген. Мұндай шиналар қауіпті қалдықтар ретінде жіктеледі, олар жол қозғалысына және қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Осы жағдайлардан кейін Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауды күшейткен.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар