"Көкжөтел мен қызылша күрт көбейген". Танымал белсенді Смағұлов экс-Бас санитар дәрігері Есмағамбетованы айыптады

Сағыныш Сардарова 03 жел. 2025 09:36

Жемқорлықпен күресіп жүрген Қазақстандағы танымал қоғам белсендісі Дидар Смағұлов Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты тағы бір дерек жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дидар Смағұловтың айтуынша, АҚШ-тағы Құнды қағаздар жөніндегі комиссия материалдарында Sanofi 2007-2011 жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде пара беру схемаларына барғаны көрсетілген.

"2013 жылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетін басқарған Айжан Есмағамбетова ДДСҰ-ның 2012 жылғы ескертуіне қарамастан, елді жасушасыз вакциналарға көшірді. ДДСҰ ол кезде мұндай өзгеріс болашақта індет қаупін күшейтетінін айтқан. 2024 жылы осы шешімнің салдары байқалып, нәрестелер арасындағы өлім көбейіп, бұрынғы толық жасушалы вакциналардан кейінгі иммунитет әлсіреп бітті", - деді ол.

Оның пікірінше, Есмағамбетова 2020–2024 жылдары вице-министр әрі Бас санитария дәрігері қызметін атқарғанда көкжөтел өршіп, қызылша күрт көбейген.

Жазбада "2023-2024 жылдары Қазақстан қызылша өсімі бойынша Үндістаннан да "озып кеткені" айтылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар