Kia Қазақстанда: сатылым 85,9%-ға өсті

Dalanews 27 нау. 2026 12:03

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында Allur компаниясы құрамындағы Kia бренді сатылым көлемін 85,9%-ға арттырып, Қазақстандағы жаңа автокөліктер нарығында екінші орынға шықты. Бұл туралы «Қазақстанның Автокөлік Одағы» мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақпан айында қазақстандықтар 2402 дана Kia автокөлігін сатып алған. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың ақпанымен салыстырғанда 33,1%-ға жоғары. Брендтің нарықтағы үлесі де өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға өсіп, 18,8%-ға жетті.

Айта кетерлігі, Kia-ның бірден үш моделі айдың ең көп сатылған автокөліктерінің алғашқы ондығына енді. Брендтің ең танымал үлгісі – орташа көлемді Sportage кроссовері. Ақпанда 1278 көлік сатылып (+34%, 2025 жылдың ақпанымен салыстырғанда), ол рейтингте үшінші орынға жайғасты. Бесінші орынға жаңа ықшам седан Soluto көтерілді – 382 көлік (+13,4%, 2026 жылдың қаңтарымен салыстырғанда). Ал алтыншы орында ірі Sorento кроссовері – 352 көлік, бұл өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 1253,8%-ға өскен.


Жалпы, қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда Kia автокөліктерінің сатылымы 5176 данаға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,9%-ға артты.

«Бұл өсімге модельдік қатардың кеңдігі мен тартымдылығы, тиімді баға ұсыныстары және, әрине, Kia автокөліктерінің барлығының жергілікті өндірісі ықпал етті. Биыл қазақстандық автокөлік иелері мен бренд жанкүйерлерін көптеген қызықты жаңалықтар күтіп тұр», – деді Kia-ның Қазақстандағы дистрибуция директоры Данияр Уразбаев.


Айта кетейік, наурыз айының соңына дейін брендтің барлық модельдері барынша тиімді бағамен ұсынылады. Мәселен, Kia Sportage үлгісіне 5,5 млн теңгеге дейін, K5 моделіне 5 млн теңгеге дейін, ал Ceed топтамасына 2,6 млн теңгеге дейін жеңілдік қарастырылған.

Сатып алушыларға арналған тиімді ұсыныстар мен модельдік қатардың кеңеюі Kia брендінің Қазақстан нарығындағы өсімін одан әрі жеделдетіп отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove