Кейінгі 4 жылда 100-ден астам қаржы пирамидасы анықталды: қаншасы сотталды

Көркем Алдабергенова 13 мау. 2025 10:42

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, кейінгі 4 жылда Қазақстанда 100-ден астам қаржы пирамидасы анықталған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылдың басынан бері:

  • жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;
  • жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;
  • 86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;
  • 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;
  • 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.

227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар