Кешіккен ұшақ үшін Air Astana 2 жолаушыға 2 млн теңгеден астам айыппұл төледі

Көркем Алдабергенова 11 ақп. 2026 11:08

Air Astana әуе компаниясының рейсі бір тәулікке кешігіп, шоумен Артем Примак пен диджей Ян Пинчук Астанаға уақытында жете алмаған. Соның салдарынан олар елордадағы мейрамханада жоспарланған іс-шараны өткізе алмай қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 2024 жылы болған. Өнер иелері Грузиядан арнайы шақыртумен келген. Ұйымдастырушылармен жасалған келісімшартта концерт өтпеген жағдайда айыппұл қарастырылған. Рейс кешігуіне байланысты кешке қатыса алмаған соң, ұйымдастырушы компания оларды сотқа беріп, өтемақы талап еткен. Нәтижесінде тараптар бітімге келіп, әрқайсысы 1 млн теңгеден астам қаржы төлеген.

Кейін Примак пен Пинчук бұл соманы Air Astana-дан өндіру үшін сотқа жүгінді. Істі қараған судья рейстің ұшқыштың ауырып қалуына байланысты кешіккенін анықтаған. Сот мұны форс-мажор жағдайы деп танымаған және жауапкершілік толықтай әуе тасымалдаушыға жүктелген.

Сот шешімімен Air Astana әр талапкерге 1 165 824 теңгеден материалдық шығынды, шамамен 100 мың теңге айыппұлды және мемлекеттік баж шығындарын өтеуге міндеттелді.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove