Қалалық экономикалық бөлімінің мәліметінше жыл басынан бері халық қажетіне жарайтын нысандар пайдалануға беріліп, Кентаудың ажары ашылып келеді.
Атап айтар болса білім саласы бойынша Кентауға қарасты Қарнақ ауылында қазіргі күні 300 орындық Ахын-тума мектебінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жобаның сметалық құны 880 703,0 мың теңге.
Көне мектеп тар болғандықтан мұнда дене шынықтыру пәні ашық аспан астында өтеді. Сабақты да тар бөлмелерде қысылып-қымтырылып оқып келеді. Бірақ балалар көз алдарында бой тіктеп жатқан 300 орындық заманауи мектепті көріп бақытты болашаққа сенімді. Кентау қалалық құрылыс бөлімінің мамандары да білім ұясының сапалы болуын қадағалап келеді.
2018 жылы «№74 ықшам ауданында» жалпы құны 238,0 млн.теңгеге инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 147 тұрғын үй инфрақұрылыммен қамтылды. Жалпы 4,48 шақырым электр желісі, 2,148 шақырым автомобиль жолы, 3,275 шақырым ауыз су жүйесі, 1,540 кәріз жүйесі жүргізіліп және 2 дана трансформатор орнатылды.
Бұдан бөлек Қ.Құралбаев атындағы орталық стадионың қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 559,0 млн.теңге. Нысанды толығымен желтоқсан айында қабылдау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының көлемі10 айында 5 963,3 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 163% құрады (2017 жылдың 10 айында– 2 172,4 млн. теңге)