Кентауда оқушылар арасында ТЕД х форматында сайыс өтті

Dalanews 27 қар. 2018 09:35 800

Кентау қаласы білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 27 қарашада Ә.Бөкейханов атындағы №23 мектептің базасында «Білімді ұрпақ, кемел мемлекеттік тірегі» атты ТЕД х форматында Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектептің, А.Навои атындағы №17 мектептің және №23 мектептің оқушыларының арасында сайыс өтті.

Бұл сайыстың басты мақсаты – кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, мектепаралық, ұлтаралық достықты нығайту және оқушылардың қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.

1.Ы.Алтынсарин атындағы мектептің оқушылары «Ұлы дала ұландары » тобы

  1. А.Навои атындағы №17 мектептің оқушылары «Зияткерлер» тобы


3.Ә.Бөкейханов атындағы №23 мектептің оқушылары «Болашақ» тобы

Сайыс барысында оқушылар өз білімдерін көрсетті «Тарихи өлкетану» бағыты бойынша Түркістан облысындағы киелі жерлер туралы толық мәліметтер беріп, сұрақ жауаптар айдарымен топтардың білімдері тексерілді.

Оқушылар болашақ мектеп туралы өз ойларын үш тілдіе еркін айтты, және мектеп оқушылардың форма үлгісі тақырыбында постер қорғады.

Сайсы қорытындысы бойынша 1 орынды – 102 ұпаймен «Болашақ» тобы иеленсе, 2 орынды 85 ұпаймен «Зияткерлер» тобы қанжығаларына байлды. Ал 3 орынды 65 ұпаймен «Ұлы дала ұландар » тобы иеленіп барлық топ басшылары білім бөлімінің мақтау қағазымен мараппаталды.

 

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар