Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бүгін түнде Түркістан облысы Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шықты.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталған.
"Оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 2-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар толық медициналық бақылауда", - деді ТЖД өкілдері.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына келіп, жауапты қызметтермен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алған. Жедел штаб құрылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
