Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша 1300 отбасына (6581 адам) 321,5 млн.теңге төленді. Шартты ақшалай көмек алған 1034 отбасы қатарынан ақылы қоғамдық жұмыстарға 63-азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 28-азамат, қысқа мерзімді оқуға 188-азамат, жастар тәжірибиесіне 1-азамат, тұрақты жұмыстарға 890-азамат жолданып, жалпы 1170 азаматтар жұмыспен қамтылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Кешенді жоспарға сәйкес, 2018жылдың 10 айында 2617адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.
Бірінші бағыты«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» шеңберінде жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға 240адам қысқа мерзімді курстарға жолданды.
Екінші бағыты«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»аясында шағын несиемен 38 адам қамтылды.
Үшінші бағыты«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»,оның ішінде:
- 70 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау (18,5 млн.теңге) жоспарланып, есепті кезеңге 90 адам жолданды.
- 160 жас маманды жастар практикасына жолдау (57,7 млн.теңге) көзделіп, есепті кезеңге 239жас маман жолданды.
- 320адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту (41,6 млн. теңге) көзделіп, есепті кезеңге 283 адам тартылды. Сонымен қатар, бос және жаңа жұмыс орындарына 1503 адам жұмыспен қамтылды.