Кентау қаласы экономика бөлімінің хабарлағынандай «2017-2021 жылдарға арналған Еңбек бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде 2018 жылдың басынан бері «Ырыс» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жалпы соммасы 73,4 млн.теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылған.
Атап айтар болсақ авто жөндеу, жүк тасымалдау, дүкен жабдықтарын сатып алу, жылқы, сиыр басын көбейту сында болашағы бар жобалар қаржыландырылған.
Ал «Еңбек» бағдарламасының аясында 100 АЕК шамасында қайтарымсыз грантқа 6 жоба ұсынылып, 4 жоба (тігін құрал-жабдығы; ат әбзелдерін әзірлеуге қажетті құрал-жабдық; тауық санын ұлғайту; үндік санын ұлғайту) мақұлданыпты.
Бұдан бөлек аталған бағдарлама аясында «Бастау-бизнес» жобасы арқылы 24 адам сертификат алып, оның 8 қатысушысы «Ырыс» МҚҰ (2 жоба) және «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ (6 жоба) арқылы несие алды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бір жоба 3 млн.теңгені құрайтын грант алды.
Аграрлық кредиттік компания және ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры арқылы 64,850 млн.теңгені құрайтын 15 жоба және «Яссы-несие» несиелік серіктестігі арқылы 787,581 млн.теңгеге ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығының саласындағы жобалар қаржыландырылды.