Аталмыш аймақты электр қуатымен қамтамасыз етіп, су құбырларын жүргізу ісі біршама жолға қойылды. Кәріз жүйесі мен байланыс орнату мәселесі де шешімін тапқан.
Бүгінгі таңда Кентау қаласындағы индустриялық аймағында 5 жобаны іске асыру жоспарланып, қазіргі күні 2 жоба толығымен жүзеге асырылған екен.
Атап айтқанда бұлар Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы бойынша ашылған «ЮгЭлектроПривод» ЖШС және «Электродеталь» ЖШС-ы.
Сондай-ақ, индустриялды аймаққа орналасып, алдағы жылы іске қосылуы күтіліп отырған жобалар да бар.
Атап айтқанда:
Жеке кәсіпкер Е.Ауэзов «Оттегі шығаруды ұйымдастыру» жобасы, жоба құны 45,0 млн,теңге. Жылдық қуаттылығы 25 мың дана оттегі баллонын толтыру көзделуде. Цех құрылысы толығымен аяқталған. Жоба толығымен іске асқанда 10 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгінде жер телімін алу бойынша құжаттары жинақталуда.
«ЭХТ» ЖШС «Гипохлорид өндіру цех» жобасы, жоба құны 56,0 млн.теңге. Жылдық қуаттылығы 5 мың тонна гипохлорид шығару. Ашылатын жұмыс орын саны 12 адам. Өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысы алып, түпкілікті шешім қабылдау үшін тиісті құжаттары әзірленуде.
Жеке кәсіпкерМ.Эрметов «Лимонад шығару цехі» жобасы, жобаның болжамдық құны 50,0 млн.теңге. Жоба бойынша тиісті құжаттар жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауында.
Айта кетелік бүгінге дейін Түркістан мен Созақ ауданында құны 1,33 млрд. теңгені құрайтын индустриалды аймақ жұмысын бастап кетті. Облыстың бірнеше ауданында да осы секілді жоба қолға алынбақ. Бұл үшін 1053 га жер телімі бөлінген.