Кентау қаласында 8,3 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылады

Dalanews 26 сәу. 2018 17:03 802

Кентау қаласының экономикасына өткен жылы 6,5 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылса, биыл ол межені 8,3 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен - 6 млрд. теңге және жеке қаржылар есебінен – 2,3 млрд. теңге болмақ. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.



Өткен жылы өңірде өнеркәсіп саласында 28,1 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 107,2 пайызды құраған.

– Индустриалды аймақта 2 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде 2 жоба толық іске қосылып, 798 млн. теңгенің өнімі өндірілді.  Қосымша 2 жобаның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, жыл соңына дейін іске қосылады. Қалған 1 жобаның құжаттары сараптамадан өтіп, ағымдағы жылдың І тоқсанында құрылыс жұмыстары басталады. Нәтижесінде 50-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылады, – деді Әбдібақыт Тілләбайұлы.

Қалған 3 жоба бойынша өңірлік үйлестіру кеңесіне құжаттарды тапсыру, келісу және рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 3 компания полиметалл және барит рудаларын қайта өңдеу, өңдіру жұмыстарын іске асыратын болады.

Сонымен қатар, «ҚР индустриалдық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінде аймақта жалпы құны  4,4 млрд.теңге құрайтын 5 жоба толық қуаттылыққа шығып, 5,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.

Бұдан өзге, Кентау қаласында қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 2953.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға өскендігін көрсетеді.

– Аталған салада өндірілген өнім көлемі 18,9 млрд. теңгеге жетіп, 7,6 пайызға көбейген. Алдағы уақытта шағын және орта бизнес саласында 136 жобаға 422 млн. теңге көлемінде несие беру жоспарланып отыр.  Жалпы осы бағытта 700-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылатын болады, – деді Әбдібақыт Мақұлбаев.  Айта кетерлігі, өңірде өткен жылы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында қаржы институттары арқылы 259 млн.теңгеге 95 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 150-ге жуық азамат жұмыспен қамтылды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/31712

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар