Кенияда туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырады: Ешкім аман қалмады

Кенияда туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырады: Ешкім аман қалмады
x.com/Vishii14

Кенияда жеті адам мінген тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы адамдардың барлығы қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 19 тамызда Самбуру округіндегі Ололокве тауы маңында болған. Тікұшақта алты турист пен бір ұшқыш болған.

Полицияның хабарлауынша, әуе кемесі Lady Lori чартерлік компаниясына тиесілі. Ол Лайкипия округіндегі Соян ранчосынан Кенияның орталық бөлігіндегі Лойсаба қорығына қарай бағыт алған.

Апат салдарынан борттағы жеті адамның ешқайсысы аман қалмады.

Қазіргі уақытта тікұшақтың не себепті құлағаны белгісіз. Жергілікті авиация органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу бастаған.