Телеграмда дереккөздер келесі аптада әкімдер арасында ауыс-түйіс болуы мүмкін екенін хабарлады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Біздің дереккөздердің хабарлауынша, келесі аптада кейбір әкімдер ротацияланады деп күтілуде. Кейбір аймақ басшылары үкіметке ауысуы мүмкін екені хабарланды", - делінген "Чемодан госсекретов" телеграм арнасында.
Еске салайық, аймақ басшыларының сайлауы - 2025 жылдағы басты саяси оқиғалардың бірі болмақ.
Себебі аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлауды бір уақытта немесе кезең-кезеңімен өткізу жоспаранған. 2025 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері де сайланады. Бұл туралы қазақстандықтарға жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.
Былтыр (2023 жылы) күзде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлай бастадық. Барлық облыста 45 әкім жаңа тәсілмен сайланды. Біз сайлау нәтижесін және сайланған әкімдердің жұмысын жан-жақты зерделедік. Соның қорытындысы бойынша түбегейлі шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді, - деді Тоқаев.
Айтуынша, әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай яғни, ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді.
Азаматтарымыздың соңғы жылдардағы тағы бір талабы – әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу. Бұл талап та орындалды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылы енгізілді. Содан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланды. Бұл – барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы деген сөз. Қалғандары әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өз ретімен сайлана береді. Жаңа әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Олардың арасында әртүрлі кәсіп иелері, түрлі партия өкілдері бар. Орташа жасы – 46 жас. Бір сөзбен айтсақ, халық өзі таңдаған әкімдердің құрамы едәуір жаңғырды, - деді президент жолдауында.