Келес ауданында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту 94,2 пайызды құрады

Dalanews 19 қар. 2018 05:30 768

Бүгінде Келес ауданындағы мектептердің саны – 63, оның ішінде типтік мектептер – 41 болса, ыңғайластырылғаны 22 бірлікті құрап отыр. 2018 жылы мектеп бітіруші 1835 оқушының 1013 ҰБТ сынағына қатысып, 55,2 пайызды құрады. Орташа балл 70,2 пайызды құрады.



2018 оқу жылында аудан бюджетінен 456,7 млн теңге қаржы қаралып 9 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп тамыз айында пайдалануға берілді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жыл, 2 қазанда өткен  «2018 жылдың Үздік педагогы» республикалық конкурсында  №100 «Ә.Жангелдин» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі С.Каюпова жеңімпаз болды.

«Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі ұйымдар саны – 88. Оның ішінде, мемлекеттік балабақшалар саны – 12, шағын орталықтар саны – 7, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негіздегі балабақшалар саны –  69.

3-6 жас аралығындағы балалар 9255 болса, мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қамту 94,2 пайызды құрады.

Мәдениет саласында жыл басынан бері 465 іс-шаралар өткізіліп, 58255 көрермен қатыстырылды.  Спорт саласында 140 іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 15 400 адам тартылған.

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар