Freedom Inside '26

КазТАГ ісі: Амир Касенов үйқамақтан қамауға алынды

КазТАГ ісі: Амир Касенов үйқамақтан қамауға алынды
Ulys Media

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты КазТАГ агенттігінің бас редакторы Амир Касеновқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін үйқамақта болған журналист енді күзетпен ұстауға алынды. Сот шешімі айыпталушының үйқамақ талаптарын бірнеше рет бұзуына байланысты қабылданды.

Сот мәліметінше, Амир Касенов қылмыстық іске қатысты бейнеүндеулер жариялап, сондай-ақ сот отырысына келмеген. Осыған байланысты мемлекеттік айыптаушы бұлтартпау шарасын қатаңдатуды сұраған.

Еске салсақ, Амир Касенов пен КазТАГ агенттігінің бас директоры Асет Матаевқа қатысты қылмыстық іс 2025 жылдың соңында қозғалған болатын. Іс Freedom Finance компаниясының шағымынан кейін тіркелген. Касеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша айып тағылған. Журналист пен оның қорғаушылары айыптаулармен келіспейді және істі кәсіби қызметімен байланыстырады.