Каспийдегі трагедия: Мирзиёев пен Жапаров Тоқаевқа көңіл айтты

Каспийдегі трагедия: Мирзиёев пен Жапаров Тоқаевқа көңіл айтты
Ақорда

Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза тапқан жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ, Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты.

Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.