Kaspi bank-ті басып алмақ болған Мұрадов сотталды

Dalanews 18 қыр. 2023 08:21 639

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Kaspi банкінің бөлімшесін басып алып, қызметкерлерін кепілге алған 30 жастағы Әлихан Мұрадовқа қатысты үкім шығарды. 

Сот шешімі бойынша, Мұрадов 7,5 жылға сотталды. Ол ҚР ҚК-нің 261-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Еске салайық, 18 маусымда Әлихан Мұрадов «Керуен» сауда орталығы маңындағы Kaspi Bank филиалына басып кіріп, мекеме ішіндегі адамдарды кепілге алды. Оқиға орнына полиция мен арнайы жасақ дереу жетіп, жақын маңдағы үйлердің барлық тұрғындары эвакуацияланды. Басқыншы кепілге алынған адамдарды өлтіруге ниетті екенін мәлімдеді.  Артынша Мұрадов ұсталып, кепілге алынғандар босатылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушының өтелмеген несиелері болған, ал қылмыс жасалған кезде ол есірткіге мас болған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар