Kaspi арқылы ақша жіберуді тексеру: маңызды хабарландыру

Көркем Алдабергенова 31 қаң. 2025 12:30 740

Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, Kaspi аударымдарына қатысты қолданыстағы критерийлерді толықтыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz "Параграфқа" сілтеме жасап. 

Маңызды жаңалық мынада: енді үш ай ішінде 12 ең төменгі жалақыдан (1 020 000 теңгеден) асатын кіріс мобильді аударымдары тіркелуге міндетті жеке кәсіпкер мәртебесін алу үшін есептелетін болады (жылдық кіріс 12 ЕТЖ-дан асуы тиіс).

Яғни енді ақша аударымына лимит қойылуы мүмкін: демек шотыңызға 3 айдағы аударымдардың жалпы сомасы 1,02 миллион теңгеден асуы тиіс. 

Осыған сәйкес Қаржы министрінің тиісті бұйрығы қазіргі уақытта Ұлттық банктің қарауында.

Тексеру критерийлеріне сәйкес, егер бір жеке тұлға қатарынан үш айдың әрқайсысында 100 немесе одан да көп түрлі адамдардан кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына ақша алса, ол шотқа қатысты тексеріс жүрігізілетін болады.

Еске салайық, бұған дейін тек қатарынан 3 ай бойы 100-ден астам адамнан аударым қабылдаған жеке тұлғалар тексеріле бастайтын. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар