Көптеген қазақстандықтар Қытайда сатып алған заттың ақысын Kaspi.kz мобильді қосымшасында Alipay+ сервисі арқылы төлейді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жеке кәсіпкерлер де бұл сервисті, мысалы, Қытайдан тауар сатып алу үшін пайдаланатын. Ол үшін алдымен Kaspi Pay бизнес-шотынан Kaspi Gold картасына ақша аудару керек болатын.
Енді жеке кәсіпкер тікелей Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Alipay+ сервисінде Kaspi Pay шотынан төлем жасай алады. Бұл ыңғайлы және валюталық заңнаманың талаптарына толық сәйкес келеді.
Сатып алған заттың ақысын Kaspi Pay шотынан төлеу Kaspi.kz серіктестері – барлық ЖК-ге қолжетімді. Толығырақ серіктестерге арналған Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.