Кәсіпкер Сырымбек Тау депозитке салық салу мәселесін көтерді

Көркем Алдабергенова 27 ақп. 2025 18:36 355

Белгілі кәсіпкер Қазақстандағы депозиттерден салық алынбайтынын сынға алып, бұл жүйені қайта қарау қажеттігін айтты,деп хабарлайды Dalanews.kz Todayinfo-ға сілтеп.

Кәсіпкердің негізгі уәждері:

  • «Бизнес таза пайданың 20%-ын салық ретінде төлейді, ал депозиттен алынбайды»
  • «Әлем бойынша депозиттен салық алынады, бізде бұл жүйе реттелмеген»
  • «Отбасылық банк депозитіне салық салмауға болады, бірақ басқа депозиттерге қарау керек»
  • «Халықтың депозиті ұлттық қордан аспауы керек, бізде бұл көрсеткіш шектен шықты»

Депозиттердің экономикаға әсері:

  • Қазақстандағы депозит көлемі – 36 трлн теңге
  • Орташа пайыздық мөлшерлеме – 13-17%
  • 15% есептегенде, халық жылына 5-6 трлн теңге табыс табады
  • Егер таза пайданың 20%-ы салық ретінде алынса, мемлекетке жылына 1,5-2 трлн теңге түсер еді

«Неге біз бұл туралы айтпаймыз? Неге тек қосымша құн салығына назар аударамыз?», – деп сұрақ қойды кәсіпкер.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар