Кәсіпкер 2 млн теңгенің етін халыққа тегін таратты

Dalanews 31 нау. 2020 02:33 821

Түркістан облысының кәсіпкері, «Ордабасы құс» ЖШС-нің директоры, «Nur Otan» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы Мұрат Тағаев саяси ұйымның  «Біз біргеміз!» акциясы айрықша үлес қосып, 2800 келі күркетауық еті өнімімен демеушілік көрсетті.

– Мемлекет тарапынан қауіпті індетті таратпау, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен мұндай кезеңде әрбір азамат қолдан келгенше елге көмектесуі керек деп есептеймін. Біз бұл қиындықты бірлік пен тәртіп арқылы жеңеміз, – дейді Мұрат Тағаев.

Іскер азамат күркетауық етінен әзірленген шұжық және өзге де өнімдерді партиялық жобалар аясында әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға тарату үшін «Біз біргеміз!» акциясының үйлестірушілеріне ұсынды. Жалпы өнімнің құны 2 млн. теңгені құрайды.


Партия өкілдері мен волонтерлар, «жасотандықтар» бұл етті аудан, қалаларда тізімдегі отбасыларға апарып бермек.

Ордабасы ауданы, Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы құс» ЖШС бүгінде Қазақстанның бірнеше өңірін күркетауық етімен қамтып отыр. Өнім көлемі де ұлғайып келеді. Осы кәсіпорынды басқаратын Мұрат Тағаев бұған дейін де қайырымдылық акцияларына үлес қосып, демеушілігімен танылған. Меценат азамат, «Nur Otan» партиясының мүшесі Мұрат Тағаевқа жұртшылықтың алғысы мол.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар