"Жоғарыда көсем отыр деген мағынадағы сөздерді жиі қолданғанымыз дұрыс болмайды. Барлығымыз ақылмен өмір сүруіміз керек. Бәріміз де адамбыз. Бәріміздің де ақылымыз, өмірге деген көзқарасымыз бар. Осы тұрғыдан алғанда, "жоғарыда отырғандар не істеу керектігін біледі, біз солардың жарлықтарын ғана орындаймыз" деген секілді әңгімелердің барлығы баяғыда артта қалған", - деп мәлімдеді Термез ауданындағы кездесуде Ислам Каримов.
Оның айтуынша, Өзбекстан үкіметі "өз пікірі бар тәуелсіз жастарды" тәрбиелеп келеді.