Тойшыл қауым астыртын, жасырын той өткізіп, әншіні қуанышына ортақтасуға шақырған екен. Бұған коронавирус та кедергі келтіре алмапты. Бұл жайында әнші әлемжелідегі парақшасында ежіктеп жазыпты.
"Мені той әншісі дейтін көптің сөзіне өмірімде қатты қуанғаным болды. Ол карантиннің ішінде. Жасырын тойға кіріп жүргенде….
Пандемия деген індет елімізге келгелі біраз тойлар жасырын болды. Ал сол жасырын тойларда мені халқым шақырып талайын елмен бірге атқардық.
Атқарып та жүрміз. Енді соның жемісі!
Карантинде үй салдым, Қаншама өзім өмірде көрмеген кәсіптерді бастап көрдім. Көлік жуу орталығы, балалар дүкені.
Көмек, жәрдем (ол айтылмайды). Әндерді топырлатын жазбасам да Алла басымдағы бағымнан айырған жоқ. Елдің ортасындамын. ШҮКІР.
Қатты жанып кетіп жатқан жұлдызды да көргеніміз жоқ. Өйткені елдің ойы вакцина, пандемия, картоп, сәбіз, шөп. Обшым көп уайым, қайғы", - дейді әнші.
Өнер иесі Жаратқанның әркімге бір қабілет бергенін атап өтті. Ел көп сынға алатын әншілердің Алла берген дауыспен күн көретінін жеткізді.
"Алла бергенінен таймасын деп өзіңізге ұнаған тірлікті жасай беріңіздер ағайын. Алла етікшіге етік тігу қабілет берді. Ол сол еңбегімен отбасын асырайды.
Әншіге дауыс берді Алла. Сонымен біз де солай күн көреміз. Алла берген қабілетпен алға қарай жүре беріңіз. Қалғаны Аллаға ғана аян", - деп түйіндеді сөзін ол.
…
Денсаулық министрлігінің вирустың тар кеңістікте тез таралатынын айтып, той-томалаққа тыйым салғанына біраз болды. Бас санитарлар қаулыдан-қаулы қабылдап, мерекелік шараларды шектеп жатқаны тойшыл қауымды тоқтатар емес. Ал әншілер қауымы астыртын тойға барып, ән салғанын мақтанышпен айтуда. Соған қарағанда бұларға сот жоқтай көрінеді.
Сонда сөз жүзіндегі шектеуден кімге, қандай пайда? Бұдан коронавирустың таралуы тежелмесі айдан анық.
Айта кетелік, күні кеше министр Цой коронавирустың таралу қарқынына қатысты болжам жасап
бірнеше өңірде терапия төсектерінің тапшылығы туындап, бұл өз кезегінде халық арасында өлімнің күрт өсуіне әкелуі мүмкін екенін айтқан.
Цой қазіргі кездегі карантиндік шараларға қарамастан бірқатар аймақтарда салтанатты іс-шаралар көптеген адамдардың қатысуымен және карантин талаптарын өрескел бұзумен жалғасып жатқанын тілге тиек еткен Осыған байланысты ол жергілікті атқарушы органдарға бақылау топтарының жұмысын күшейтуді тапсыруды сұраған.
https://dalanews.kz/del-qazir/65708-toyga-shaqyrtu-alsangyz-barmas-buryn-on?fbclid=IwAR3Cz55K_tilZcZv38Tbe_FhKzIPBsz0Hn1ttxMHNIBE8jcGSqukBZRo7Wc