Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды dalanews.kz.
14 тамызда Алматыда Орталық стадионда Канье Уэстің концерті өтуіне байланысты бірқатар автобус пен троллейбус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Орталық стадион маңында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде — Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта, сондай-ақ, Байтұрсынов көшесінде — Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді: №3, 18, 21, 25, 30, 34, 44, 57, 62, 65, 66, 79, 90, 92, 95, 98, 118, 120, 120А, 121, 128, 130, 209, 210, 211, 224 автобус бағыттары және №ТП5, ТП6, ТП7, ТП9, ТП19, ТП25 троллейбус бағыттары.