Кадр резерві – тәуелсіз еліміздің өркендеуіне жол ашады

Dalanews 30 қыр. 2023 14:34 1068

Президенттік жастар кадр резервінің негізгі көздеген мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу. "Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз" деп президентіміз Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Президенттік жастар кадр резервіне еніп, жүзден жүйрік шығып Ел үшін қызмет жасап жатырған білімді жастарымыз жетерлік.

Президенттік жастар кадр резерві – тәуелсіз еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Мемлекет басшысы дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартты.

Жобада барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашу мақсаты көзделген.

Мәселен, жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралады.

Бұл ретте Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.

Биылғы жылы Президенттік жастар кадр резерві үшінші рет өткізілейін деп отыр. Осы жылдар ішінде ең дарынды, білімді жастарымыз сурылып шығып басшылық қызметтерде жасап жүргенін көріп қуанамыз. Қуантыров Әлібек Сәкенұлы-Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Сулейменова Зульфия Булатовна Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі оданда басқа Президент резерв конкурсында үздік шығып Елге қызмет жасап жатырған жастарымыз қаншама.
Президенттік жастар кадр резерві шетелде білім алып, кейіннен сол жақта қалып қоятын жастарды елге қайтаруда таптырмас құралға айналайын деп тұр.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі талантты жастардың жарқырай көрінуіне жола ашатын болады. Нағыз дарынды, талантты, білімді жастарымыз басшылық қызметтерге келіп, Еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосады. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік, қолдау.
Биылға жылғы іріктеуден өтетін барлық жастарға сәттілік тілеймін. С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университетінің жастарында Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға шақырамын. Әділ, ашық өтетініне сенемін.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық
зерттеу университетінің Кәсіптік білім беру кафедрасының
меңгерушісі п.ғ.к., доцент Есекешова Марал Дүйсенейқызы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар