Жиналыста отырып былапыт сөз айтып қойған депутат жауапкершілікке тартылатын болды

Сағыныш Сардарова 22 ақп. 2024 15:37 2417

Алматыда мәслихат депутаты Тимур Елеусізов баяндама жасап жатқан сәтінде былапыт сөз айтып жіберген еді. Ол орыс тіліндегі "противоэпизоотический" сөзіне тілі келмей, осындай сөз айтқан. Депутат бұл қылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елеусізов әлеуметтік желіде видео жариялап, полиция бөліміне барғанын айтты.

"Бүгін таңертең полиция бөліміне барып, түсініктеме жаздым. Мені Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауапкершілікке тартты. Жіберген қатеміз үшін толық жауапкершілік алуымыз қажет", - дейді депутат.

Ал әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағы "Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу" бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы көзделеді. 

Алайда депутатқа қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар