Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 20 мамырында тексеру қорытындысы бойынша «Маңғыстау Медиа» ЖШС бас есепшісі Г.Сүйбергеноваға қатысты 57 000 000 теңге ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Кәсіпорынның бұрынғы директоры А.Дутбаева бастапқыда қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауапқа тартылған. Алайда кейін куәгер күдікті ретінде жауапқа тартылған, деп хабарлайды алматы ақшамы.
Қызы Карина соттың аяқталуға жақын екенін растады. Өкінішке қарай, ол сотта анасы А.Дутбаеваның қорғаушысы болатындықтан сот отырысына қатысты түсініктеме бере алмайтындығын жеткізген.
Дутбаеваның әлеуметтік желілерінің арқасында редакция өткен жылдың қараша айында Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің арызы негізінде үйқамақтан «қамауға алу» туралы шешім қабылданғаны белгілі болды. Оған Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы Президент Қ.Тоқаевтан көмек сұрап, ресми үндеу жариялауы себеп болған. Алты айдан кейін сот адвокат А.Салимовтың А.Дутбаеваға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырып, ол қамаудан босатылып, үйқамаққа алынған.
Сондай-ақ, А.Дүтбаеваға алғашында есепшімен сөз байласу арқылы 57 000 000 теңгені ұрлады деген айып тағылғанын айта кеткен жөн. Алайда прокурорлық тексеру мен сараптамадан кейін бұл сома 4 миллион теңгеге дейін азайып, айып 189-бабтың 3-бөлімі (ұрлық) болып өзгертілді. Бүгінгі таңда бұрынғы директорға тағы екі бап бойынша: ҚР Қылмыстық кодексінің 371 бабының 1 бөлігі және 423 бабы бойынша айып тағылып отыр.
Тергеушілердің айтуынша, А.Дүтбаева жұмыстан босатылғаннан кейін «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа директоры кезінде де ұрлық жалғасқан. Г.Сүйбергенова үш бап бойынша, 189 3-бөлімінің 1-тармағы, 189 баптың 4 бөлімінің 2-тармақшасы, 189 баптың 3 бөлімінің 1-тармақшасы бойынша айып тағылған.
Айсұлу Дүтбаева – белгілі қоғам қайраткері. Оның қайырымдылық жасау арқылы 5 аз қамтылған отбасыға демеушілердің көмегімен пәтер алғаны ашық ақпарат көздерінен белгілі. Ол сондай-ақ 2019 жылғы Президент сайлауы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сенімді өкілі болған. Осы жылдар ішінде ол бұқаралық ақпарат құралдарында жауапты қызметтерді атқарды. «Маңғыстау Медиа» ЖШС-не дағдарыс менеджері ретінде жұмысқа алынған. А.Дүтбаеваның жетекшілігімен жұмысшылардың жалақысы 15-тен 35%-ға дейін көтеріліп, кәсіпорын өз бетінше табыс тауып, мемлекетке табыс әкелген. Сонымен қатар, мекеме тозығы жеткен, апатты ғимараттан қала орталығындағы жаңа, заманауи ғимаратқа көшкен.
Осы уақыт ішінде көптеген қоғамдық пікір көшбасшылары, саясаткерлер, бизне өкілдері, өнер қайраткерлері, журналистер мен дін қызметкерлері Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде Айсұлу Дүтбаеваны қолдап, пікір білдірді. Олардың қатарында: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, заңгер Нұрашева Бибігүл, қазақстандық скрипкашы Аида Аюпова, жазушы Сәуле Досжанова, әлемге әйгілі опера әншісі, ақын Алмас Ерлан Жандарбаев, ақын Алмас Ахметбекұлы, жерлестері Ринат Зайытов пен Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы және т.б. Олардың барлығы да соттың әділ өтетініне сенім білдіріп, айыпталушыға қолдау көрсеткен еді.
Маңғыстаулық блогер әрі белсенді Мекен Айшуақ Дүтбаева тергеу изоляторында жатқанда оның бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселені бірнеше рет көтерген еді.
Біз 12 қыркүйекте сот оған қатысты әділ шешім шығарады деп сенеміз. Жақында Айсұлуды тағы да қатарымыздан көреміз деп үміттенеміз.