Минск қаласында наразылық акцияларынан хабар тарату кезінде ұсталған журналистер сотталмақшы.
TUT.BY журналистері Надежда Калинина мен Алексей Судников, «Комсомольская правда: Беларусь» журналистері Сергей Щеголев, Никита Дуболеко және Мария Элешевич, сонымен бірге БелаПАН тілшісі Андрей Шавлюго қазір ішкі істер басқармасында отыр.
TUT.BY басылымының хабарлауынша, Октябрь аудандық ішкі істер ғимаратына журналистерді қолдаушылар жиналып жатыр. Әріптестерін қолдаған кейбір журналист осында түнеді. Мұнда қырық шақты адам жиналды.
Беларусь журналистер қауымдастығы ұсталғандарды тез арада босатуды талап етті. «Заң өрескел бұзылды!» деп мәлімдеді ұйым. Ұсталған журналистердің барлығы Минск қаласында өтіп жатқан наразылық акцияларынан хабар таратып жүрген.
TUT.BY басылымының хабарлауынша, сайлау науқаны басталғалы бері бұл сайттың журналистері он шақты рет ұсталды.