Алматы полициясы журналист Вадим Борейко ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Журналист Вадим Борейконың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", - деді Алматы Полиция департаменті өкілі.
Әлеуметтік желіде бұған дейін қазақстандық журналист Вадим Борейконың отбасылық жанжалға байланысты ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
Вадим Борейко - "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы.