Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Көркем Алдабергенова 22 мам. 2025 21:02

Белгілі журналистДиас Ахметшәріп өмірден өтті.  Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасының Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Ол Qazsport телеарнасының тұңғыш директоры болды.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы Qazaqstan телеарнасы мен "Хабар" агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. 

Корпорация ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.

Ұзақ жылдар "Хабар" агенттігі мен "Қазақстан" телеарнасында спорт журналисі;

Qazsport мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы;

2003-2007 жж.- ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;

2010 - 2012 жж.– "Астана-СК" корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);

2012-2013 жж. - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар