Жүргізушілерге құлаққағыс! Енді нәбәрі 500 теңгеге көліктің тарихын тексеріп алуға болады

Сағыныш Сардарова 22 қыр. 2025 12:21

Енді нәбәрі 500 теңгеге көліктің тарихын тексеріп алуға болады. Бұдан басқа да тиімді ұсыныстар бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәліметінше, қазақстандықтар көлік тарихын "ЦОН" мобильді қосымшасы арқылы тексере алады.

Жаңа сервис азаматтарға Қазақстанда тіркелген көлік туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұнда әкімшілік айыппұлдар, кедендік рәсімдер, утилизациялық алым төленуі, ерекше белгілер мен берілген техпаспорттар жөнінде мәліметтер қамтылады.

Ақпарат алу үшін азаматқа көліктің VIN кодын енгізу жеткілікті. Бұл қызмет "ЦОН" мобильді қосымшасында (App Store/Google Play) ЖСН мен телефон нөмірі арқылы тіркелгеннен кейін қолжетімді. 

"Бір тексерістің бағасы - 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс - 4500 теңге, 20 тексеріс - 8000 теңге", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар