Бұл фотоларды орбитадан ғарышкер Олег Кононенко түсірген.
"Біз орбитадан алынған әдемі көріністермен бөлісуді жалғастырамыз.
Түн мезгілінде әр қала әрқалай өзгереді: кейбіреулері түн жамылып «ұйқыға кетеді», ал кейбірі өмірге қайта келгендей, жұлдыздардан да жарық бола түседі.
Қазақстанның елордасы - Астана соның бір мысалы ғана. Мұқият қарасаңыз, қаланың түнгі сызығы жүрек пішінді сақинаға ұқсайды", - деп жазылған суреттердің түсініктемесінде.